Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Бензиннен жеп» жүргізушілерді қанаған жанармай бекетіне айыппұл салынды

Қоғам
«Бензиннен жеп» жүргізушілерді қанаған жанармай бекетіне айыппұл салынды

Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті «Газпромнефть-Қазақстан операциялық компаниясына» қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде кәсіпорынға 3 млн теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік мәліметінше, тексеру «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының және метрология саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтауға қатысты болды.

Сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттік метрологиялық бақылау барысында №1 ЖЖҚ арқылы АИ-95-К4 маркалы автомобиль бензинін жіберу кезінде жол берілетін қателіктен асатын ауытқу анықталды. 20 литр бензинді құю барысында 100 мл-ге аз толтырылған. Бұл - стандарттарды бұзу, - делінген мәліметте.

Жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) «Газпромнефть-Қазақстан операциялық компания» ЖШС №132 ЖЖҚС-ға жіберуді бақылау белгіленген тәртіппен сенім білдірілген және 2025 жылғы 24 сәуірге дейін қолданыста болған М2р-20 металл эталондық өлшеуішті пайдалана отырып жүзеге асырылған.

Энергетика министрінің м.а. 2019 жылдың 11 наурыздағы №81 бұйрығы және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 ж №143 бұйрығымен белгіленген мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесіне сәйкес жанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің көлемін өлшеудің шекті рұқсат етілген қателігі ±4% құрайды.

№132 жанар-жағармай құю станциясында жанар-жағармай құю станцияларын қабылдау, сақтау және босату кезінде әртүрлі өлшеу құралдары, соның ішінде деңгей өлшегіштер, эталондық металл өлшегіш, метростоктар және ТРК қолданылады. Алайда, өлшеу құралдарының бір бірлігін – №1 ЖЖҚ -тексеру кезінде ауытқу рұқсат етілген қателіктерден асып түсетіні анықталды, бұл жабдық қолдануға жарамсыз деп танылды, - делінген хабарламада. 

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы pаңының 19-бабының бұзылуы анықталды.

«Газпромнефть-Қазақстан операциялық компаниясы» ЖШС заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 145 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Фото: Freepik

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу