Джо Байден сырқаты жайлы хабардан кейін алғаш рет жұрт алдына шықты

Сұлу Бөлек

  • 25.05.2025

АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденға қуықасты безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылғаннан кейін алғаш рет жұрт алдына шықты. Ол Коннектикуттегі немересінің мектеп бітіру кешіне қатысты, - деп хабарлайды Malim.kz NBC News-ке сілтеме жасап.

Джилл Байден Instagram-дағы сторисінде жариялаған фотосуреттерде Байден отбасы мүшелерімен бірге Роберт Хантер Байден II-нің мектеп бітіру салтанатында көрінеді. Іс-шара Солсбери қаласындағы Salisbury School-да өтті.

"Әже мен ата мақтан тұтады! Құттықтаймыз, Хантер — біз сенімен мақтанамыз!" — деп жазған Джилл Байден.

Оған дейін, 22 мамырда Джо Байден әйелімен және отбасының басқа мүшелерімен бірге Лейквилл қаласындағы мейрамханалардың біріне барған. Бұл туралы People басылымы хабарлады.

Instagram-да жарияланған суретте Байден қонақтармен бірге күліп тұрғаны бейнеленген. Мейрамхана әкімшілігі Байдендерді өз мекемесінде көргеніне қуанышты болғанын жазған.

"Байден өте сыпайы, ілтипатты болды, қызметкерлермен және қонақтармен жылы сөйлесті. Оның қарапайымдылығы мен кішіпейілдігі бізге қатты ұнады. Кешімізді ерекше еттіңіз. Бар жақсылықты тілейміз", — делінген жазбада.

Фото: NBC News / instagram.com/DRBIDEN

Байланысты жаналықтар

АҚШ Қорғаныс министрі Пентагондағы журналистердің қозғалысын шектеді

24.05.2025

Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салынды

23.05.2025

Вашингтонда Израиль елшілігінің екі қызметкері оққа ұшты

22.05.2025

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025
MalimBlocks