Екі жасөспірім Украинадағы соғыс туралы видео үшін сотталды

Арман Қайыпхан

  • 17.04.2025

Ресейдегі Нижегород облысындағы №82 лицейдің екі түлегі соғыс туралы «жалған ақпарат таратты» деген айыппен 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы өңірлік Тергеу комитетінің Telegram-арнасында хабарланды.

Егор Старшинов пен Кирилл Смирнов YouTube-тағы небәрі 26 жазылушысы бар арнада видео жариялады деген айып тағылды. Видеода жасөспірімдер асүйде отырып, арттарында Владимир Путин мен Адольф Гитлердің портреттері ілулі тұрған жерде Ресейдің Украинаға басып кіруі туралы өз ойын бөліскен.

Прокурор екеуін 3 жылға соттауды сұрады. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, видео «бәріне қолжетімді» болған. Ал түлектердің айтуынша, бейнежазба тек сілтеме арқылы ғана қолжетімді болған және бар-жоғы 35 рет қаралған, оның басым бөлігі — қайталап көрулер.

2023 жылы дәл осы видео үшін олардың ата-аналарына «армия туралы фейк» деген айыппен әкімшілік іс қозғалып, 30 мың рубль айыппұл салынған. Кейін Старшинов пен Смирнов 18 жасқа толған соң, 2024 жылдың тамызында оларға қатысты «жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Енді олар нақты жаза алды.

Бұл жасөспірімдер туралы арызды бірнеше жыл бұрын №82 лицейдің директоры Нина Говорова жазған. «Коммерсантъ» мәліметінше, бейнежазбаның сілтемесін оған лицейдің электронды поштасына жіберген.

Арыздан кейін бұрынғы түлектер лицейдің әлеуметтік желідегі парақшасында ашулы пікірлер қалдырған. Солардың бірі — 2009 жылғы «алтын түлек», физика-математика ғылымдарының кандидаты Антон Голованов «НеМосква» басылымына берген пікірінде бұл оқиғаға бейжай қарай алмағанын, өйткені Говорованың әрекеті «арам әрі арсыз қылық» екенін айтқан.

Фото: Нижний Новгород әкімшілігінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

23.05.2025

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

23.05.2025

Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

23.05.2025

Путиннің кеңесшісі: «КСРО ресми тараған жоқ»...

22.05.2025

"Жеңіс" клубының директоры Тимур Турсумбаев жаңа қызметке тағайындалды

22.05.2025

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

22.05.2025
MalimBlocks
"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

Путиннің кеңесшісі: «КСРО ресми тараған жоқ»...

"Жеңіс" клубының директоры Тимур Турсумбаев жаңа қызметке тағайындалды

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті