Ғимараттар қирап, жолдарды су басты: дауыл салдарынан 16 адам қаза тапты

АҚШ-тың орталық-шығыс бөлігінде болған дауыл салдарынан 16 адам қаза тапты

Сұлу Бөлек

  • 06.04.2025

АҚШ-тың орталық-шығыс бөлігінде болған дауыл салдарынан 16 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Malim.kz Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, толассыз жауған жауын салдарынан су тасқыны болған. АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметі (NWS) 6 сәуірде тағы да ауа райына байланысты ескерту жасады.

Арканзастан Огайоға дейінгі аумақты қамтыған дауыл кейінгі күндері ғимараттарды қиратып, жолдарды су басып, ондаған торнадоның пайда болуына себеп болған. Ең көп зардап шеккен – Теннесси штаты. Билік мәліметінше, штаттың батыс бөлігінде 10 адам көз жұмған.

"Кентукки штатында су тасқыны салдарынан екі адам қаза тапты. Олардың бірі – мектеп автобусының аялдамасына бара жатқанда су ағынына кеткен 9 жастағы бала", - деп хабарлады штат губернаторы Энди Бешир.

"Ауқымды және қатты нөсер жауыннан кенет су тасқындары күтіледі. Адамдардың өмірі мен мүлкіне елеулі қауіп төніп тұр", – делінген АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің хабарламасында.

Жергілікті билік пен БАҚ мәліметіне сәйкес, тағы екі адам Миссури мен Индиана штаттарында қаза тапқан. 6 сәуір таңындағы жағдай бойынша Арканзас пен Теннесси штаттарында 100 мыңнан астам адам жарықсыз қалған.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қытай сауда соғысында АҚШ-ты жеңуге шамасы жете ме?

07.04.2025

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

06.04.2025

Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

06.04.2025

Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік жүргізушісі өлі табылды

06.04.2025

АҚШ қалаларында Трампқа қарсы ереуілдер өтіп жатыр

06.04.2025

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

06.04.2025
MalimBlocks
Қытай сауда соғысында АҚШ-ты жеңуге шамасы жете ме?

АҚШ-та Трампқа импичмент жариялау ұсынылды

АҚШ-тың демократ-конгрессмені Эл Грин қазіргі президент Дональд Трампқа импичмент жариялау рәсімін бастауды ұсынды

Қате диагноз қойылды: ата-ана баласының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Қостанайда 7 жастағы қыздың ата-анасы дәрігерлерді баласының өліміне кінәлап отыр

Ақмола облысында су басқан жолмен өтпекші болған көлік жүргізушісі өлі табылды

Құтқарушылар көлік ішінде жүргізушімен бірге болған екі жолаушыны судан аман алып шықты

АҚШ қалаларында Трампқа қарсы ереуілдер өтіп жатыр

Америка қоғамының либералдық бөлігі Трамп күш қолдана ма деп үрейленеді

Газада 17 мыңнан аса бала қаза тапқан

Палестина Білім министрлігі 2023 жылғы 7 қазаннан бастап Израильдің әскери әрекеттері салдарынан Газа секторында 17 мыңнан аса баланың қаза тапқанын мәлімдеді