Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жасырын келіссөздер басталды

Иран мен АҚШ арасындағы Иранның ядролық бағдарламасына қатысты тікелей емес келіссөздер Оман елінде басталды, деп хабарлайды Malim.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Осы күні Иранның мемлекеттік телеарнасы Ислам Республикасының сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мен Оман сыртқы істер министрі Бадр аль-Бусаиди арасындағы кездесуден бейнекадрлар жариялады. Бадр аль-Бусаиди бұл келіссөздерде делдалдық рөл атқаруда.
АҚШ тарапынан Оманға Президент Дональд Трамптың арнайы өкілі Стивен Уиткофф келді. АҚШ Мемлекеттік департаменті алғашқы кездесудің таныстыру сипатында болатынын, ал оның нәтижесіне қарай келіссөздерді жалғастыру немесе жалғастырмау туралы шешім қабылданатынын мәлімдеді.
Ирандық Tasnim агенттігінің дереккөздері Тегеранның Оманда өтетін кездесуде АҚШ делегациясының қауіп төндіретін риторикадан және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты шамадан тыс талаптар қоюдан бас тартуына үміт артып отырғанын хабарлады.
Фото: Iranian Foreign Ministry/Anadolu/picture alliance
MalimBlocks
