457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Израиль мен Иран бір бірін атқылап жатыр

Azattyq Иран ақпарат құралдарын негізге алып, Тегеран маңындағы зауыттан бөлек Израиль авиациясы Тегеранның шығысындағы ислам революциясы сақшылар корпусына мамандар даярлайтын әскери оқу орнына соққы жасағанын хабарлады. 



BBC-дің жазуынша, 18 маусымға қараған түні Израиль әскері Иранға жаңа соққы жөнінде мәлімдеді. Оның алдында ЦАХАЛ Тегаранның оңтүстік-батысындағы тұрғындарға эвакуациялау қажеттігін ескерткен. Ходжир әскери базасындағы ракета зауытына да шабуыл жасалғаны хабарланды.

Иран да Израильге ракеталар жіберді. Израиль әскері бір сағат ішінде Иран әскері шамамен 25 ракета жібергенін хабарлады. Ислам революциясы сақшылар корпусы Тель-Авив тұрғындарына эвакуациялану қажеттігін ескертіп, Израиль “әуесін бақылауға алғанын” мәлімдеген. 

Фото: Tomer Appelbaum/REUTERS