457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Марко Рубио: АҚШ Иранмен кездесуге дайын

Мемлекеттік хатшы Марко Рубио АҚШ-тың Иранның үш ядролық нысанын бомбалаған соң Иранмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды CBS News. 


Рубио «Face the Nation with Margaret Brennan» бағдарламасында сөйлеген сөзінде Иранды дипломатияны жалғастыруға шақырып, АҚШ-тың Иранға қарсы бұдан әрі шабуыл жасау жоспары жоқ екенін хабарлады.

Рубионың мәлімдеуінше, АҚШ миссиясы «Иранға, Иран халқына шабуыл жасау емес. Бұл режимді өзгертуге бағытталған қадам болған жоқ. Бұл қадам ядролық қару жасау амбицияларымен байланысты үш ядролық нысанды жоюға бағытталды және ол кеше орындалды».

Енді не болатыны Иранның әрі қарайғы шешіміне байланысты болады. Олар дипломатия жолын таңдаса, біз дайынбыз. Біз олар үшін де, Иран халқы үшін де, әлем үшін де тиімді мәміле жасай аламыз. Егер олар басқа жолды таңдаса, оның салдары болады, - деп хабарлады Марко Рубио.

Рубио президент Трамп әлі де дипломатиялық жолды қолдайтынын айтып, АҚШ-тың Иранды ядролық қаруға қатысты амбицияларынан бас тарту туралы келісімге келуге итермелегенін атап өтті.

- Егер олар қоңырау шалып, «Біз кездесіп, сөйлескіміз келді» десе, біз солай істеуге дайынбыз, - деп хабарлады Мемлекеттік хатшы.

Сонымен бірге Рубио Иранға маңызды Ормуз бұғазын жабу Иран режимі үшін «өзіне қол жұмсау» әрекеті болатынын ескертті.

- Бұл (Иранның) өз-өзіне қол жұмсау әрекеті болар еді, өйткені менің ойымша, егер олар мұны істесе, бүкіл әлем оларға қарсы шығады, - деп мәлімдеді Марко Рубио.

Фото: Jonathan Drake, Reuters