Мешітте намаз уақытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Өзбекстанның Әндіжан облысының Ізбасқан ауданындағы мешіттердің бірінде жарылыс болды. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы он адам жарақат алды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Бұл туралы Өзбекстан ТЖМ мәлімдеді. Жарылыс салдарынан дәрет алуға арналған бөлменің қабырғалары мен төбесі опырылған, алайда өрт шықпаған.
Жарылыс салдарынан 3 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған. Жараланғандар ауруханаға жеткізілген.
"Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Әндіжан облыстық әкімшілігі Telegram арнасында мешіттегі жарылыстың салдары туралы видео жариялады. Кадрларда құтқарушылар үйінділерді жинап жатқаны көрінеді.
Фото: Видеодан алынған кадр


Ең көп оқылған
