Мьянмадағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны көбейді
Мьянмада 28 наурыздадағы жер сілкінісі 694 адамның өмірін қиды, 1670 адам зардап шекті, 68-і із-түзсіз жоғалған

Мьянмада 28 наурыздадағы жер сілкінісі 694 адамның өмірін қиды, 1670 адам зардап шекті, 68-і із-түзсіз жоғалған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі AFP-ға сілтеме жасап.
Қытайдың Орталық телеарнасы мәліметінше, Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1002-ге дейін өсті, тағы 2376 адам зардап шекті.
Кеше Мьянмадағы жер сілкінісінің көптеген афтершогы тіркелді. Ел билігі алты аймақта төтенше жағдай жариялады.
Айта кетейік, 7,7 балдық жер сілкінісі 28 наурызда жергілікті уақыт бойынша 12:50-де (Астана уақыты бойынша 11:20-да) елдің орталық бөлігінде тіркелді. Эпицентрі Мандалайдан шамамен 17 шақырым жерде орналасқан, бұл - 1,5 миллион тұрғыны бар елдің екінші үлкен қаласы.
Жер асты дүмпуі Таиландта, Бангладеште, Лаоста, Қытайда және Үндістанда сезілді. Таиландта шамамен 10 адам қаза тауып, 16 адам зардап шекті және 100-ден аса адам хабар-ошарсыз кетті.
Фото: facebook.com/fsd.gov.mm