Мьянмадағы жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты

Арман Қайыпхан

  • 31.03.2025

Мьянмада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2056 адамға жетті, ал жарақат алғандар саны 3900-ден асты, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Елде бір апталық қаралы күн жарияланды.

AFP агенттігінің хабарлауынша, зілзаладан үш күн өткен соң үйінділер астында қалғандарды тірі табуға үміт аз. Құтқару жұмыстарын 40 градусқа дейін жеткен аптап ыстық қиындатып отыр.

Мандалай қаласында, яғни жер сілкінісінің эпицентріне жақын аймақта, ыстықтың салдарынан қаза болғандардың денелері тез шіри бастаған. Бұл олардың тұлғасын анықтау процесін күрделендіруі мүмкін, деп атап өтеді агенттік.

Айта кетейік, 28 наурызда Мьянмада магнитудасы 7,7 болатын бірнеше күшті жер сілкінісі тіркелді. Оның жерасты дүмпулері Тайланд, Қытай және Вьетнамда да сезілген.

Бангкокта (Тайланд астанасы) 30 қабатты аяқталмаған ғимарат опырылып құлады. Жалпы, Тайландта 19 адам қаза тауып, 75 адам із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енген.

Фото: REUTERS

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

13.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

09.05.2025

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді

06.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Ақтөбе облысында жүк көлігімен соқтығысқан автобус жүргізушісі қаза тапты

Алматыдан 544 шақырым қашықтықта жер сілкінді