Павел Дуровтың ағасы да тұтқындалатын болды

Франция билігі Николай Дуровты ұстауға санкция бергені туралы ақпарат тарады

Арман Қайыпхан

  • 28.08.2024

Франция билігі Telegram бас директоры Павел Дуровты ғана емес, оның ағасы әрі құрылтайшыларының бірі Николайды да тұтқындауға санкция берген. Бұл туралы Politica басылымы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Politico-ның Франция әкімшілік құжаттарына сілтеме жасай отырып жазған материалында Telegram қызметін жасырын тергеу өте ауқымды жүріп жатқаны және бірнеше ай бұрын басталғаны айтылған. Одан бөлек, мақалада бұл істің Telegram-ның балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық туралы француз полициясының тергеуімен ынтымақтастықтан бас тартуына да байланысты екені айтылған.

Ал ағайынды Дуровтарды қамауға алу туралы ордер Telegram мессенджердің пайдаланушысын анықтау туралы сот сұрауына «жауап қатпағаннан» кейін берілген. Құжат сонымен қатар, басқа да жағдайларда француз және еуропалық билік органдарымен Telegram ынтымақтастығының мүлдем жоқтығын атап өткен.

Павел мен Николайды қамауға алу туралы ордерлер 2024 жылдың 25 наурызында «ұйымдасқан топтың құрамында кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелерін сақтауға, таратуға, ұсынуға немесе ұсынуға жәрдемдесуді» қамтитын айыптар бойынша берілген.

Айта кетейік, Telegram желісінің авторы, миллиардер Павел Дуровтың Парижде ұсталғаны туралы бұған дейін жазған едік. Ол әуежайдағы әуе көлігі жандармериясының қолына түскен.
Фото: life.ru

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Зеленский: Украина Ресейге көмектесіп жатқан елдерге қарсы санкциялар әзірлеп жатыр

04.05.2025

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

13.04.2025

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

11.04.2025

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

31.03.2025

Киев Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдетуге келісуі мүмкін

17.03.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Зеленский: Украина Ресейге көмектесіп жатқан елдерге қарсы санкциялар әзірлеп жатыр

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

Франция орта мектептерде ұялы телефонға тыйымды күшейтеді

Францияда белгілі оппозиция басшысы Марин Ле Пен бас бостандығынан айырылды

Киев Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдетуге келісуі мүмкін