Пентагон басшысы Мәскеудің Пхеньянмен ынтымақтастығының қауіптілігі туралы ескертті

Бұл 2,5 жылға созылған қақтығысты ары қарай ұзартып, оған басқа да тараптарды тартуы мүмкін

Мадина Қайнарова

  • 31.10.2024

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Пентагонда Оңтүстік Кореялық әріптесі Ким Ёнг Хёнмен келіссөздер жүргізді. Пентагон басшысы кездесу барысында Солтүстік Корея әскерінің Ресейге жіберілуін «қауіпті және тұрақсыздандыратын эскалация» деп атады.

Оның айтуынша, Солтүстік Корея сарбаздарының Ресейге Украинаға қарсы әскери қимылдарға көмектесуі 2,5 жылға созылған қақтығысты ары қарай ұзартып, оған басқа да тараптарды тартуы мүмкін.

Остиннің мәліметінше, Ресейдің Қиыр Шығысына ресейлік киім киген және ресейлік техниканы қолданатын Солтүстік Кореяның 10 мыңға жуық әскери күштері келген. Бұл Украина шекарасына жақын Курск облысындағы шайқаста Ресейге көрсетілген қолдауға ұқсайды дейді ол.

Украина күштері тамыз айында Курск облысына үлкен шабуыл жасады және жүздеген шаршы шақырым аумақты бақылауда ұстап отыр.

- Бұл шынымен де жанжалды ұзартуы немесе кеңейтуі мүмкін, — деді Остин журналистерге.

Оның қақтығыстың кеңеюі туралы не айтқысы келгені және басқа елдердің әскери қимылдарға қосылуы мүмкін бе деген сұраққа Остин: «Бұл басқаларды әртүрлі әрекеттерге итермелейді... Көп нәрсе болуы мүмкін» деп жауап берді.

- Егер Солтүстік Корея Ресейге соғыста көмектессе, Солтүстік Корея әскерлері американдық және басқа да Батыс қаруларымен қаруланған украин күштерінің нысанасына айналуы мүмкін, ал кейбіреулері майданда қаза табуы мүмкін. Егер олар ресейлік сарбаздардың қасында соғысатын болса, олар серіктес болып саналады, - деді Остин.

Оңтүстік Корея өкілі Пхеньян Ресейге көмектесіп, қазіргі соғысты бақылау арқылы тәжірибе жинақтап, Оңтүстік Кореяға тікелей әскери қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті.

Ким Ёнг Хён Солтүстік Корея тактикалық ядролық қаруды, сүңгуір қайықтарды және құрлықаралық баллистикалық зымырандарды қолдануда ресейлік технологияны алуға ұмтылып отыр дейді.

- Менің ойымша, бұл түбектегі қауіпсіздік қатерлерінің күшеюіне әкелуі мүмкін, - деді Ким.

Осыған байланысты Оңтүстік Корея Украинаға әскери бақылаушылар тобын жіберуді қарастырып жатыр екен.

Остин Владимир Путин Солтүстік Корея мен Иранға өзінің арсеналын толықтыру туралы өтініш білдіріп жатқанын атап өтті.

- Біз Путиннің Солтүстік Корея мен Ираннан қару-жарақ сұрап жатқанын білеміз. Солтүстік Корея сияқты аластатылған елден көмек сұрағаны оның қандай қиын жағдайда екенін көрсетеді, — деді АҚШ қорғаныс министрі.

Фото: golosameriki.com

Байланысты жаналықтар

Сириядағы соғыс: Асад жанталасуда. Бірақ…

02.12.2024

БҚО-да Ресеймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалған

01.12.2024

АҚШ Грузиямен стратегиялық серіктестікті тоқтатты

01.12.2024

Ескі һәм жаңа соғыс: Алеппо үшін шайқас…

29.11.2024

Путин Украинаны тағы да "Орешник" зымыранымен атқылайтынын мәлімдеді

28.11.2024

Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі өтті

28.11.2024
MalimBlocks
Сириядағы соғыс: Асад жанталасуда. Бірақ…

Сирияның “Хаят Тахрир аш-Шам” бастаған антиүкіметтік құрылымдары Мәскеу мен Асад режиміне нағыз “блицкригтің қандай болатынын” көрсетіп бағуда.

БҚО-да Ресеймен шекарада жүк көліктері кептеліп қалған

Қазақстанға кірер бағытта бір жол ғана істеп тұр

АҚШ Грузиямен стратегиялық серіктестікті тоқтатты

Себебі, ЕО-мен келіссөзді тоқтатып, наразылықты күшпен басқанын айыптайды

Ескі һәм жаңа соғыс: Алеппо үшін шайқас…

Ливандағы соғыстың келісім сұлбасы енді-енді көріне бастаған секілді еді. Израиль мен “Хезболла” бітімге кеп, “ХАМАС” та ұрысты тоқтату туралы араша сұрағандай әңгімелер айтыла бастаған еді…

Путин Украинаны тағы да "Орешник" зымыранымен атқылайтынын мәлімдеді

Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі өтті