457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Путин Иранға жасалған шабуылды «агрессия» деп атады

Ресей президенті Владимир Путин 23 маусымда Кремльде Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчимен кездесті. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.



Путин Иранға жасалған соққыларды сынап, «агрессия» деп атаған. Ресей президенті «Иранға шабуылдауға негіз болмағанын» да айтқан. Ол Мәскеу мен Тегеран «бұрыннан келе жатқан сенімді қарым-қатынасын» атап өтіп, «Ресей Иран халқына көмектесу үшін
тиісті шаралар қабылдайтынын» мәлімдеген.

Ал Арагчи Израильмен АҚШ-тың Иранға жасаған «агрессиялық әрекеті» «заңсыз, халықаралық ережелер мен нормаларды бұзады» деді.

«Қазір біз дербестігімізбен елімізді қорғап жатырмыз. Бұл – заңды әрекет» дейді Иран сыртқы істер министрі.

Арагчи Мәскеуге 23 маусымда келді. Ал кеше, 22 маусымда АҚШ Иранның Фордо, Натанз және Исфахандағы ядролық зауыттарына соққы жасаған. Израиль мен Иран 13 маусымнан бері бір-бірін атқылап жатыр.

Фото: Pavel Bednyakov/AP Photo/picture alliance