Путин: Ресей әскері Украина шекарасында буферлік аймақ жасайды

Ресей әскері Украинамен шекара бойында қауіпсіздік мақсатындағы буферлік аймақ құру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz РБК-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин 22 мамыр, бейсенбі күні үкімет мүшелерімен өткізген жиында мәлімдеді.
«Шекара бойында қажетті қауіпсіздік буферлік аймағын құру туралы шешім қабылданды. Қазір бұл тапсырманы Қарулы күштеріміз орындап жатыр. Қарсылас тараптың атыс нүктелері белсенді түрде жойылып жатыр, жұмыс жүруде», — деді ол.
Сондай-ақ, Путин Белгород, Брянск және Курск облыстарының әлі де оқ атулардан, дрондардан және диверсанттардан зардап шегіп жатқанын айтты.
Бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Ресей көшбасшысының соғысты тоқтатуға дайын емес екенін, себебі өзін жеңіп жатыр деп санайтынын мәлімдеген. Political Wire хабарлауынша, Трамп бұл туралы еуропалық лидерлермен телефон арқылы сөйлесу кезінде айтқан.
Бұл мәлімдеме сұхбаттастарын таңғалдырған, себебі мұны АҚШ президентінен алғаш рет естіген. Бұл Трамптың бұған дейін жария түрде айтқандарымен қайшы келеді.
Сонымен қатар, БАҚ мәліметтері бойынша, соғыс алаңындағы жағдай Ресей армиясы саны жағынан басымдыққа ие болып, алға жылжығанымен, Путин қойған әскери мақсаттарға қол жеткізбей жатқанын көрсетіп отыр.
Фото:depositphotos.com / Автор palinchak