Қытайдың Temu сауда платформасы шағын бизнесті шайқалтады

Қытайда өндірілген арзан тауарлардың тасқыны жергілікті сатушылар мен өндірушілерге ауыр тиіп отыр

Аялдар Күнтуған

  • 18.11.2024

Әлем қытайлық Temu желілік базарының агрессивті әрекеттерінен шағын орта бизнеске қауіп төніп тұр деп үйрейленеді. Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

Cube деректерді талдау фирмасының негізін қалаушы Саймон Торринг: «Temu әрбір реттеуші орган үшін жай оты болды, сондықтан қазір әлемде трансшекаралық импорт ережелерін өзгерту керек пе деген алаңдаушылық басым», – дейді.

Торрингтің айтуынша, Қытайда өндірілген арзан тауарлардың тасқыны жергілікті сатушылар мен өндірушілерге ауыр тиіп отыр. Олар жылдамдыққа, сапаға немесе онлайн режимдегі бағаларға  бәсекелесе алмай, зиян тартады.

Қазан айында Индонезия Temu платформасын қолданыстан алып тастауды бұйырды, бұл қадам елдегі шағын бизнес өкілдерін қорғайды деп мәлімдеді. Ал Вьетнам билігі Temu мен Қытайға тиесілі тағы бір киім дүкені  Shein-ге елде бизнес жүргізуге рұқсат алмағандарын айтып, айдың соңына дейін тыйым саламыз деп ескерту жасады.

Сондай-ақ, соңғы жыл ішінде Қытайдың желілік магазиндерімен бәсекелесе алмай, шығындарының артуынан 2000-ға жуық тайландтық зауыт жабылып, 50 000-нан астам адам жұмыссыз қалған.

Қарашада жарияланған Bain&Co талдауына сүйенсек, 2024 жылы онлайн бөлшек сауда жасау көлемі 160 миллиард долларға жақындайды.

Momentum Works венчурлық фирмасының бас директоры Цзянган Лидің айтынша, осындай орайды пайдаланып,  Temu халықаралық сауда нарығын иемденуге ұмтылып отыр, өйткені Қытай экономикасының баяулауы салдарынан отандық тұтынушылардың Pinduoduo-да сауда жасауы азайған.

«Қытай экономикасының дамуы 2010 жылмен салыстырғанда ақырындаған, соған қарамастан бәсекелестік өте жоғары, сондықтан ойыншылар пайда табудың басқа жолдарын, айталық, шетел нарығын іздеуі керек», – дейді Ли.