Рамзан Қадыров Грозныйға дрон шабуылдағанын хабарлады
Фото: islam.kz
Грозныйдағы Ішкі істер министрлігінің арнайы полкінің ғимаратына украиналық дрон шабуылынан төрт адам жарақат алғаны туралы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің телеграм-каналында хабарлады.
«Бүгін 00:55-те Грозныйда Ресей Қаһарманы А.А. Қадыров атындағы Ішкі істер министрлігінің Шешенстан бойынша арнайы полкінің казарма ғимараттары үстінен дрон атып түсірілді. Ешкім ауыр жарақат алмады. Төрт күзетші жеңіл жарақат алды. Кезекшілік құрам ол кезде шабуылдан қорғайтын бөлмелерде болған», – деп жазды ол телеграмда. Қадыровтың айтуынша, дронның бөлшектері шатырды бүлдіріп, терезелерді сындырған. Сондай-ақ, шағын өрт шыққан, бірақ оны тез арада сөндіргенін қосты. Бұған дейін Грозныйға дрон шабуылдағаны туралы ақпарат телеграм-каналдарда жарияланған болатын. Шешенстан билігі украиналық дрондардың шабуылдары туралы қазан айында және өткен аптада хабарлаған.