«Ресейдің кезекті манипуляциясы»: Зеленский Путиннің сөздеріне сенбейтінін айтты

Ол Путин соғысты жалғастырғысы келеді деп отыр.

Сабина Асқарқызы

  • 14.03.2025

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің атысты тоқтату туралы мәлімдемесінен соң пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Зеленскийдің сөзінше, Путиннің соғысты тоқтататын ойы жоқ, бірақ бұл туралы Трампқа ашық айтуға қорқады.

Бәріміз Ресейден алдын ала болжанған, өте манипулятивті сөздерді естідік. Путин атысты тоқтату туралы идеяға жауап ретінде іс жүзінде бас тартуға дайындалып жатыр. Олар Мәскеуде бұл идеяны соншалықты шарттармен қоршап қойды, тіпті оның жүзеге аспауы немесе барынша кешіктірілуі үшін бәрін жасап жатыр, дейді Украина басшысы.

Оның сөзінше, Путин мұндай әрекетті жиі жасайды.

Ол тікелей «жоқ» деп айтпайды, бірақ процесті созып, қалыпты шешімдер қабылдауды мүмкін емес етеді. Біз бұның бәрін Ресейдің кезекті манипуляциясы деп есептейміз, деп жазды Зеленский.

Сонымен қатар ол Украинаның АҚШ-тың атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдағанын атап өтті.

Біз АҚШ-тың бастамасын қабылдадық – әуеде, теңізде және құрлықта атысты тоқтату жөніндегі ұсынысын қолдаймыз, дейді Зеленский.

 

Фото: Nicolas Tucat/AFP/Getty Images

Байланысты жаналықтар

Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады

08.05.2025

Мәскеуде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

08.05.2025

Рамзан Кадыров Путиннен өзін қызметтен босатуды сұрады

06.05.2025

Зеленский: Украина Ресейге көмектесіп жатқан елдерге қарсы санкциялар әзірлеп жатыр

04.05.2025

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

27.04.2025

Зеленскийдің орнын кім басуы мүмкін? Саясаттанушылар басты бәсекелестерді атады

05.04.2025
MalimBlocks
Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады

Мәскеуде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

Рамзан Кадыров Путиннен өзін қызметтен босатуды сұрады

Зеленский: Украина Ресейге көмектесіп жатқан елдерге қарсы санкциялар әзірлеп жатыр

«Бұл өте символикалық кездесу болды». Зеленский мен Трамп Римде не жайлы сөйлесті

Зеленскийдің орнын кім басуы мүмкін? Саясаттанушылар басты бәсекелестерді атады

Парламенттік сайлау шілдеде, президенттік сайлау тамызда өтуге тиіс