Telegram иесі Павел Дуров жайлы не білеміз?

Сирек сұхбат беріп, әрдайым қара киінетін Дуров жұмбақ тұлға

Malim Админ

  • 27.08.2024

Оны «ресейлік Цукерберг» деп атайды. Ресей төлқұжатымен қатар Сент-Китс пен Невис, БАӘ және Францияның азаматтығы бар 39 жастағы кәсіпкер «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің, Telegram мессенджерінің және криптовалютаның негізін қалаушылардың бірі ретінде танымал.

Павел Дуров бұған дейін тек Ресейдің ғана емес, басқа мемлекеттердің де билік өкілдерімен талай кикілжіңге келген болатын. Ол осы демалыс күндері Париж маңындағы Ле-Бурже әуежайында өзінің Telegram мессенджеріне қатысты айыптауларға байланысты ұсталды, деп хабарлады француздық БАҚ аты аталмаған дереккөздерге сілтеме жасап.

Ұлттық алаяқтықпен күрес басқармасының тергеушілері оны кибербуллинг, алаяқтық, есірткі саудасы, ұйымдасқан қылмыс және оның платформасында терроризмді насихаттады деген айыппен қамауға алу туралы шешім шығарды. 

Бірінші әлеуметтік желі

Екі айдан кейін қырық жасқа толатын кәсіпкер Санкт-Петербургте дүниеге келген. 
Ол 22 жасында соавтор ретінде алғашқы әлеуметтік желісін – ВКонтакте (ВК) платформасын іске қосты. AFP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, орыстілді қолданушыларға бағытталған бұл платформа елдегі Facebook-тен гөрі кең танымалдылыққа ие болған.
Алайда ол 2014 жылы үкіметтің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі оппозициялық топтарды жабу және ресейдің қауіпсіздік қызметіне жеке тұлғалардың мәліметтерін беру, сонымен қатар, кезінде ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальныйдың аккаунтын бұғаттау туралы талаптарын қабылдаудан бас тартқандықтан Ресейден кетуге мәжбүр болды.
Ол өзіңнің меншігінде ешқандай жылжымайтын мүлік немесе яхта сияқты активтері жоқ екенін, оның активтері тек ақша мен криптовалюта екенін мәлімдеді.

Telegram

2013 жылы ол ағасы Николай Дуровпен бірлесе отырып пайдаланушы деректерін қорғайтын және WhatsApp, Instagram, TikTok,WeChat сияқты танымал әлеуметтік медиа платформаларымен бәсекеге түсуге қабілетті тегін Telegram платформасын іске қосты.

Бұл қызмет кез келген адамға «арналарда» немесе топтарда пайдаланушылардың видеоларын, фотоларын және пікірлерін бақылауға құқық береді, бірақ пайдаланушы деректері шифр арқылы қорғалған. Сондай-ақ, топ әкімшілеріне олардың жазбаларын кім көре алатынын бақылауға мүмкіндік беретін жеке «арналар» бар.

Дуров әрқашан Telegram-дағы хабарламаларды модерациялаудан бас тартып, оны «еркін» платформа ретінде насихаттады.
2018 жылы Мәскеу соты Telegram-ды бұғаттау туралы шешім қабылдады. Бірақ бұл әрекет сәтсіз аяқталды.

Telegram платформасын дүниежүзіндегі оппозициялық топтар өз деректері мен байланыстарының құпиялығын сақтау мақсатында пайдаланады. 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде ол соғысып жатқан екі тарап үшін де негізгі ақпараттық алаңға айналды.

Украина президенті Владимир Зеленский күнделікті соғыс барысынан бейнероликтерді халыққа жариялау үшін Telegram қолданады, сондай-ақ «Z-блогерлер» жүргізетін проресейлік арналар да кеңінен танымал.

Алайда, Telegram экстремистер мен қаскүнемдікті жақтаушылардың да сүйікті платформасына айналды. Құрамына 200 000 адамға дейін кіре алатын арналар жалған ақпараттың, сонымен қатар неонацистік және педофилдерге арналған топтардың таралуына мүмкіндік береді.

Дуровтың жеке өмірі

Ресейден кеткеннен кейін Дуров Сент-Китс және Невис Кариб теңізі аралының азаматтығын алды, ресейлік БАҚ мәліметінше, бұл үшін ол елдің қант өнеркәсібін дамытуға 250 000 доллар (223 000 еуро) көлемінде қайырымдылық жасаған.

2021 жылдың тамызында ол Франция азаматтығын алды, Дуров көмекшісі оған «ПолДюРув» деген атпен өтініш беруге кеңес бергеннен кейін әзіл ретінде өтініш бергенін айтты. Оның француз төлқұжатын алуына қатысты мән-жайлар жұмбақ күйінде қалып отыр және француз билігі бұл мәселеге қатысты ешқашан түсініктеме бермеген.

Ол БАӘ де азаматтығына ие, және Telegram-ның негізгі базасы орналасқан Дубайда тұрады.

Forbes мәліметтері бойынша, Дуровтың байлығы шамамен 15,5 миллиард долларға (14 миллиард еуро) бағаланады, бұл оны әлемдегі 121-ші ең бай адам етеді.

Сирек сұхбат беріп, әрдайым қара киінетін Дуров жұмбақ тұлға.
Бірақ Telegram-дағы арнасында ол оқшауланған өмір салтын ұстанатынын, ет, алкоголь және кофе тұтынбайтынын жазады.

Ол сондай-ақ, өз сөзінше, ондаған елде сперма донорлығының арқасында 100-ден астам баланың биологиялық әкесі екенін және оны "азаматтық борыш" деп санайтынын мәлімдейді.

Ол не үшін қамалды?

Француз тергеушілері оны кибербуллинг, алаяқтық, есірткі саудасы, ұйымдасқан қылмыс және оның платформасында терроризмді насихаттаумен байланысты айыптар бойынша тұтқындауға ордер берген. Ол өз платформасын қылмыстық жолмен пайдаланудың алдын алу шараларын қолданбады деп айыпталуда.
The Guardian басылымының хабарлауынша, «Telegram-ның жазасыз қалуы жеткілікті», - деді тергеушілердің бірі, ол Дуровтың Парижге іздеуде жүргенін біле тұра ұшып келгеніне таң қалғанын да атап өтті.

Бұрын Дуров Telegram-ның зорлық-зомбылық пен  кісі өлтіруге шақыратын контентті жою туралы барлық сұрауларға жауап беретінін мәлімдеген еді.
«Telegram ЕО заңдарына, соның ішінде Сандық қызметтер туралы заңға сәйкес келеді, оның модерациясы салалық стандарттарға сай және үнемі жетілдірілуде», - делінген жексенбі күні кешке Telegram хабарламасында.

Материал ru.euronews.com сайтынан алынды
Фото: Фото: Du Rove’s Channel/Telegram

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

07.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Мәсімов туралы 72 беттік зерттеу. Экс-шенеунік Наполеонның хаттарын қалай сатып алды?

Мәсімовтің делдал арқылы "Қазақтелеком" акциясына қалай иелік еткені де айтылады