Трамп америкалық ABC және NBC телеарналарының лицензияларын қайтарып алмақ

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық ABC пен NBC телекомпанияларының лицензияларын қайтарып алу керектігін айтты.
Бұл туралы Ақ үйдің басшысы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
ABC пен NBC Fake News ең нашар телеарналар және олар маған күнде 97 пайыз жағымсыз жаңалық жеткізеді. Егер жағдай осындай болса, онда олар демократиялық партияның бөлігі саналады. Федералды комиссия олардың лицензиясын қайтарып алуы керек. Мен бұны толықтай қолдаймын, себебі жалған ақпарат тарататын аталған телеарналар мемлекетке қауіп тудырып отыр,-деп жазды Трамп.
АҚШ президентінің пікірінше, республикалықтар мен консерваторлардың қызметіне дұрыс баға бермегені үшін аталған телеарналарды лийензиясынан айыру керек немесе бұл арналар ең қымбат эфирді пайдалану мүмкіндігіне ие болғаны үшін қомақты ақша төлеу керек.
Әділетсіз журналистиканы ынталандырмай, керісінше құту керек,-деді Трамп.
Фото: youtube.com

Ең көп оқылған
