Трамп ісі бойынша бұрынғы прокурорға қатысты тексеру басталды

Дональд Трампқа қатысты қылмыстық істерді жүргізген бұрынғы арнайы прокурор Джек Смитке қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Оған саяси бейтараптық туралы заңды бұзды деген күдік келтіріліп отыр.
Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын қадағалайтын федералдық агенттік 3 тамыз, жексенбі күні Reuters агенттігі хабарлағандай, Джек Смитке қатысты тексеруді бастаған. Тергеу сенатор-республиканец Том Коттонның бастамасымен қозғалды. Ол Смиді 2024 жылғы президенттік сайлауға ықпал етуге талпынды деп айыптаған.
Арнайы істер басқармасы (Office of Special Counsel, OSC) агенттікке бұл тексерудің "Хэтч актісін" бұзу дерегіне қатысты екенін растады. Аталған заң федералдық шенеуніктерге өз қызметтік жағдайын саяси мақсаттарда пайдалануға тыйым салады. OSC – мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттерін қадағалайтын тәуелсіз орган, бірақ қылмыстық іс қозғау құқығына ие емес.
Фото: Getty Images

Ең көп оқылған
