457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп пен Зеленскийдің екіжақты кездесуі аяқталды

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің екіжақты келіссөздері аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz bbc-ге сілтеме жасап.

Олардың кездесуінен кейін еуропалық көшбасшылар қосылып, журналистер алдында қысқа фотосессия өткізді.

Дональд Трамп Ақ үйдегі бүгінгі кездесулерден кейін бірден Владимир Путинге қоңырау шалатынын мәлімдеді.

Ол бұл туралы Зеленскиймен келіссөздердің алдында өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Путин осы кездесуіміз біткен соң менің қоңырауымды күтіп отыр», — деді Трамп.

Осыдан кейін АҚШ президенті журналистерге алғыс айтып, баспасөз конференциясын аяқтады.

Фото: видеодан кадр