457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп президенттің ағылшынша сөз саптауын мақтады

Африка елдері басшыларымен кездесу кезінде ыңғайсыз жағдай орын алды деп хабарлайды malim.kz тілшісі BBC басылымына сүйеніп.

 

АҚШ президенті Трамп Либерия президентінің "ағылшыншасы жақсы екен" деді.

Ағылшын - Либерияның ресми тілі. Соған қарамастан, Трамп Либерия президенті Джозеф Боакаиден ағылшын тілін қайда оқығанын сұрай отырды.


- Ағылшыншаңыз сондай жақсы деңгейде. Сондай әдемі ағылшын тілі. Бұлай әдемі сөйлеуді қайда үйрендіңіз? Қайда оқып едіңіз? Либерияда ма? Өте қызық. Қазір осы жерде отырған кейбіреулер бұлайша әдемі сөйлеудің маңына да жуымайды,


- деді ол.

BBC басылымы Трамптың назарын аударған либериялық ағылшын тілі болар деп тұспалдайды. Себебі, тарихи байланыстарға байланысты, либериялықтардың көбі америкалық ағылшынды акцентсіз, таза сөйлейді.

 

Photo: BBC