457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Түркия СІМ: Ресей мен Украина көшбасшыларының кездесуі жөнінде келісімге қол жеткізілді

Ресей мен Украина көшбасшыларының кездесуі жөнінде келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Ресей мен Украина көшбасшыларының кездесуі жөнінде келісімге қол жеткізілдіТүркияның сыртқы істер министрі Хакан Фиданның мәлімдеуінше, Ресей мен Украина Стамбұлда өткен үшінші келіссөз раунды барысында екі ел президенттері – Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің Түркияда кездесуіне қатысты принциптік келісімге келген. Бұл туралы министр 25 шілде күні NTV телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Фиданның сөзінше, 23 шілдеде өткен келіссөздерде көшбасшылардың қай жерде және қандай жағдайда кездесуі мүмкін екені талқыланған.

"Келіссөз топтары бұл процесте маңызды рөл атқарады", – деді ол.

Алайда саммиттің нақты уақыты әлі белгісіз. Министр бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатқанын және тараптар арасында кездесуге дайындық байқалатынын атап өтті.

"Барлығы бірдей бұл ұсынысты қабылдауға дайын емес. Бірақ біз тиісті жағдай жасау үшін жұмыс істеп жатырмыз", – деді Фидан.

 

Фото: Ozan Kose/AFP