Украина "бейбіт" аймақ құруға дайын – Трамптың арнайы өкілі

Трамптың өкілі Украина мен Ресей бақылау жасайтын демилитаризацияланған аймақ құруды ұсынды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Сұлу Бөлек

  • 07.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог Украина мен Ресей бірлесіп бақылайтын демилитаризацияланған аймақ құру идеясын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Европейская правда" басылымына сілтеме жасап.

Келлогтың айтуынша, қазіргі жағдайдан шығудың бір жолы — соғысты "қазіргі шепте" тоқтату. Яғни, тараптар кім қай аумақты ұстап отыр, сол күйінде қалады.

"Сондықтан украиналықтарға мынаны айту керек:""Бұл — уақыт өте келе өзгеруі мүмкін жағдайлардың бірі". Егер сіздер атысты осы шепте тоқтатуға келіссеңіздер, онда қазіргі жер — әзірге сіздің жеріңіз болып қалады", — деді Келлог Fox News арнасының эфирінде.

Ол сондай-ақ уақыт өте саяси жағдай өзгеретінін айтып, мысал ретінде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияның бірігуін келтірді.

Келлог Украина уақытша демилитаризацияланған аймақ құруға дайын екенін айтты: украин әскері 15 шақырымға шегінеді, сол сияқты ресейлік әскер де 15 шақырымға шегінеді. Осылайша жалпы ұзындығы 30 шақырым болатын бейбіт аймақ пайда болады. Бұл аумақты "ерік білдірген коалицияның" әскери күштері бақылайды. Ал негізгі шарт — 30 күндік атыссыз кезең болуы керек.

"Олар белгілі бір мерзімге демилитаризацияланған аймақ құруға дайын. Олар: "Біз 15 шақырымға шегінеміз, сіздер де (ресейліктер) 15 шақырымға шегініңіздер" деді. Осылайша нақты бақыланатын 30 шақырымдық аймақ қалыптасады. Онда қандай да бір бұзушылық болғанын анық бақылауға болады.

Егер бұл бітім 30 күнге созылса, онда оны ұзартып, жалғастыруға болатынына сенемін. Әскери адам ретінде айтарым: атысты тоқтатқаннан кейін қайта соғысты бастау өте қиын. Меніңше, олар соғысты қайта бастамайды", — деді Келлог.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Жеңістің 80 жылдығына орай 8–11 мамыр аралығында үш күндік бітім жариялаған болатын. Ал Украина президенті Владимир Зеленский "соғысты тоқтату үшін біз кез келген күннен бастап үнсіздікке дайынбыз, ең азы бір айға" деп мәлімдеді.

Фото: ©️ Fox News

Байланысты жаналықтар

Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады

08.05.2025

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге жетті

08.05.2025

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

08.05.2025

АҚШ Қазақстан жерін 49 жылға жалға алады

08.05.2025

Украинада доллардан еуроға көшу мүмкіндігі қарастырылып жатыр

08.05.2025

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025
MalimBlocks
Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады

Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге жетті

«Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

АҚШ Қазақстан жерін 49 жылға жалға алады

Сенат заңды мақұлдады

Украинада доллардан еуроға көшу мүмкіндігі қарастырылып жатыр

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады