Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін

Пәкістан кез келген әскери әрекетке 100% дайын екенін мәлімдеді

Malim Админ

  • 29.04.2025

Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф алдағы 2-4 күн ішінде Үндістанмен соғыс басталу қаупі бар екенін мәлімдеді. Бұл туралы пәкістандық Dawn газеті хабарлады, - деп жазады ТАСС.


Біз моральдық тұрғыдан дайын болуымыз керек, алдыда соғыс қаупі төніп тұр. Ол тіпті алдағы бір-екі, үш немесе төрт күн ішінде басталуы мүмкін деген қауіп бар, – деді министр.

Алайда ол өз мәлімдемесін соғыстың міндетті түрде басталатыны туралы болжам деп қабылдамау керек екенін, тек алдағы күндердің шешуші болатынын ескерткенін түсіндірді.

Хаваджа Асифтің айтуынша, егер Пәкістанның егемендігіне қауіп төнсе немесе елге әскери эмбарго қойылса, Пәкістан кез келген әскери әрекетке 100% дайын.

Министр сондай-ақ өңірдегі басқа елдер даулы жағдайларды болдырмауға және шиеленісті азайтуға күш салып жатқанын атап өтті.

22 сәуір күні қарулы адамдар Джамму мен Кашмир одағы аумағындағы әйгілі туристік қала – Пахалгамда террорлық шабуыл жасаған болатын. Әскери киім киген адамдар автоматтармен оқ жаудырған, 25 үнді азаматы мен 1 непалдық қаза тапты. Қылмыскерлер оқиға орнынан қашып үлгерген.

Көптеген адам жараланды. Шабуылды «Қарсылық майданы» атты топ өз мойнына алды. Бұл топтың Пәкістанда тыйым салынған «Лашкар-и-Тайиба» ұйымына қатысы бар. Осы оқиғадан кейін Үндістан Пәкістанмен су туралы келісімді тоқтатып, Нью-Делидегі пәкістандық кеңесшілердің елден кетуін талап етті. Сондай-ақ пәкістандықтарға берілген визалар да жойылды.

Фото: ТАСС

Байланысты жаналықтар

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

24.04.2025

Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

11.04.2025

82 миллиардер тұрады: әлемдегі ең бай қалалар рейтингі шықты

11.04.2025

Зеленскийдің орнын кім басуы мүмкін? Саясаттанушылар басты бәсекелестерді атады

05.04.2025

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

01.04.2025

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды

25.03.2025
MalimBlocks
Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

Министрдің айтуынша, ол – жас опера әншісі Айгерім Алтынбек

Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте көш бастады

82 миллиардер тұрады: әлемдегі ең бай қалалар рейтингі шықты

Henley & Partners компаниясы әлемдегі ең бай қалалардың рейтингін жариялады

Зеленскийдің орнын кім басуы мүмкін? Саясаттанушылар басты бәсекелестерді атады

Парламенттік сайлау шілдеде, президенттік сайлау тамызда өтуге тиіс

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

Сауд Арабиясындағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталды