Оңтүстік Кореяда нөсерден кейін бес адам із-түзсіз жоғалды

Оңтүстік Кореяның Капхен қаласында 2025 жылғы 20 шілде күні таңертеңгі нөсер жауын салдарынан бес адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Malim.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, Астана уақыты бойынша сағат 05:30-дағы дерекке сәйкес, тәуліктік жауын-шашын мөлшері 197,5 мм-ді құраған.
«20 шілде күні таңғы уақытта нөсер жауған Кенгидо провинциясының Капхен қаласында бес тұрғынды қатты су ағыны алып кеткен. Олар із-түзсіз жоғалғандар ретінде тіркелді», – делінген жарияланған хабарламада.
Стихиялық апаттың салдарын жоюға жауапты органдар жоғалғандарды іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Фото: Х/AJEnglish

Ең көп оқылған
