Үндістан суасты миналарын сынақтан өткізіп жатыр

Malim Админ

  • 06.05.2025

Үндістанның Әскери-теңіз күштері мен Қорғаныс зерттеулері ұйымы (DRDO) көпмақсатты суасты миналарының сәтті сынақтан өткенін хабарлады. Бұл туралы мемлекеттің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп жазады ТАСС. 

Үнді ӘТК өз елінде жасалған, жасырын кемелер мен суасты қайықтарына қарсы бағытталған заманауи суасты миналары бойынша сәтті сынақ өткізді, — делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, мина қолдануға толық дайын.

Үндістанның Қорғаныс министрі Раджнатх Сингх сынақтарға қатысты пікірінде бұл мина «Үнді ӘТК-нің суасты соғыс жүргізу қабілетін одан әрі арттыратынын» атап өтті.
Нью-Дели Пәкістанмен қарым-қатынастың ушығуы аясында үнділік Джамму мен Кашмир одақтас аумағында болған терактіден кейін теңізде, әуеде және құрлықта бірқатар әскери техниканы сынақтан өткізді.

22 сәуірде Джамму мен Кашмирдегі танымал туристік Пахалгам қаласында болған теракт салдарынан 25 үндістандық пен 1 непалдық қаза тапты. Үндістан бұл шабуылға «Лашкар-и-Тайиба» тобы мен Пәкістанның барлау қызметінің қатысы бар екендігін дәлелдейтін айғақтарды анықтаған. Осыдан кейін Нью-Дели мен Исламабад өзара дипломатиялық шектеулер енгізіп, екіжақты келісімдердің күшін тоқтатты және бір-бірінің әуе кеңістігін жауып тастады. Екі тарап та бақылау сызығында оқ ату фактілері туралы хабарлап, жауап шараларын қолға алғанын айтады.

4 мамыр күні Үндістан Әскери-әуе күштері штабының бастығы әуе маршалы Амар Прит Сингх премьер-министр Нарендра Модимен кездесті. ӘӘК басшысы премьер-министрді Пахалгамдағы террорлық шабуылдан кейін үкімет қарастырып жатқан қарсы шаралар контекстінде күштердің дайындығы туралы хабардар етті.

Фото: Indian Navy

 

Байланысты жаналықтар

Украина мен Ресей бір-бірімен 205 тұтқынды алмастырды

06.05.2025

Трамп Ердоғанмен Украина туралы сөйлесті

06.05.2025

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

06.05.2025

Әлемдегі ең кәрі адам көз жұмды

01.05.2025

Үндістан басшысы Мәскеудегі парадқа қатысудан бас тартты

30.04.2025

Үндістан алдағы 36 сағатта Пәкістанға әскери соққы жасауы мүмкін

30.04.2025
MalimBlocks
Украина мен Ресей бір-бірімен 205 тұтқынды алмастырды

Трамп Ердоғанмен Украина туралы сөйлесті

Йемендік хуситтер бірнеше аймағына АҚШ-тың соққы жасағанын хабарлады

Әуе соққысынан 16 адам зардап шекті

Әлемдегі ең кәрі адам көз жұмды

Үндістан басшысы Мәскеудегі парадқа қатысудан бас тартты

Террорлық шабуылда 26 адам қаза тапқан

Үндістан алдағы 36 сағатта Пәкістанға әскери соққы жасауы мүмкін