Ұшақ апаты: Әзербайжан Ресейге қарсы халықаралық сотқа шағым түсірмек

Әзербайжан Ресейге қарсы Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты сотқа шағым түсірмек. Бұл туралы ел президенті Ильхам Әлиев мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz report.az агенттігіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Әзербайжан 7 ай өтсе де, Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 жолаушылар ұшағына қатысты ресейлік ресми тұлғалардан ешқандай жауап ала алмаған.
«Біздің өтініштеріміз бен талаптарымыз – мүлдем заңды: бұл апатты мойындау, ұшағымызды атып түсіргендерді жазалау, қаза тапқандардың отбасыларына, зардап шеккендерге және AZAL әуе компаниясына – ұшақ үшін өтемақы төлеу», – деп атап өтті Әлиев.
Сонымен қатар, Әзербайжан президенті Ресей тарапына халықаралық соттарға жолданатын досье дайындалып жатқаны туралы мәлімет жеткенін айтты.
Баку–Грозный бағыты бойынша ұшқан Azerbaijan Airlines (AZAL) әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсан күні таңертең Ақтау маңында апатқа ұшырады. Әуе компаниясының мәліметінше, бортта 62 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. 29 адам аман қалды.
Фото: ТЖМ

Ең көп оқылған
