Жапониядағы ең жылдам пойызды жылан тоқтатты

Жапониядағы ең жүктемелі бағыт – Токио мен Осака арасындағы «Синкансэн» жоғары жылдамдықты пойыздарының қозғалысын жылан тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.
Токио мен Осака арасында жүретін Shinkansen пойыздары Майбара мен Гифу-Хашима станциялары арасында 17.25-те жыланның кесірінен тоқтатылды, – деп хабарлайды The Guardian.
Жылан электр бағанасына өрмелеп шығып, электр желісін бойлай жорғалап өтпек болған кезде өліп қалған. Сағат 19:00-ден кейін электр қуатын беру қалпына келтірілмеді.
1964 жылғы Токио Олимпиадасына дейін Жапонияда ашылғаннан бері Shinkansen (Токайдо Шинкансен) пойызын 7 миллиардтан астам жолаушы пайдаланды. Оның үлгілі қауіпсіздік рекорды бар. Әзірге олармен байланысты жарақаттар мен жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.
Бұл – әлемде тұрақты жоғары жылдамдықтағы пойыз қатынасын енгізген алғашқы ел. Жапон моделінің жетістігі арқасында 1981 жылы Францияда Париж бен Лион арасында алғашқы TGV желісі іске қосылды.
«Синкансэн» пойыздары үнемі жайлылығы мен дәлдігімен ерекшеленіп келген.
Фото: AFP