Жапония премьер-министрі отставкаға кетті

Жапонияның премьер-министрі әрі билеуші Либерал-демократиялық партиясының (ЛДПЯ) төрағасы Сигэру Исиба 7 қыркүйек, жексенбі күні өз қызметінен кететінін айтты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Бұл шешім оның ел үкіметі басшысы лауазымынан да кететінін білдіреді.
AP агенттігінің хабарлауынша, үкімет басшысы партиясының шілдеде өткен парламент сайлауында тарихи жеңілісіне байланысты жауапкершілікті өз мойнына алу үшін осындай қадамға барған. Сол кезде Исиба жетекшілік еткен коалиция Жапония парламентінің жоғарғы палатасында көпшілік орнын жоғалтқан болатын.
Фото: Kyodo News/AP Photo/dpa/picture alliance

Ең көп оқылған
