Смартфонға тәуелді жігіттің басы "салбырап" қалған

Сұлу Бөлек

  • 18.05.2025

Жапонияда смартфонды шамадан тыс қолданған 25 жастағы жігітке сирек кездесетін "салбыраған бас синдромы" диагнозы қойылды. Бұл дерт көбіне жүйке-бұлшықет ауруларымен байланысты болғанымен, кей жағдайда ұзақ уақыт бойы бастың алға қарай еңкейіп тұруынан да туындауы мүмкін, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап. 

Daily Mail басылымының жазуынша, науқас күнделікті өмірінің басым бөлігін телефон экранына үңілумен өткізген. Соның салдарынан оның мойын омыртқасы деформацияға ұшырап, омыртқааралық тіндер зақымданған. Уақыт өте келе жігіттің мойын бұлшықеттері әлсіреп, басын көтеруге қауқарсыз болып қалған. Сонымен қатар тамақ жұтуда қиындықтар туындап, дене салмағын күрт жоғалта бастаған.

Дәрігерлер бастапқыда арнайы мойын тіреуіштерін қолданғанымен, нәтиже болмаған соң бірнеше кезеңнен тұратын күрделі ота жасады. Қисайып қалған омыртқа бөліктері мен зақымданған тіндер алынып, орнына темір таяныштар орнатылды. Алты айдан соң науқас басын қайта көтере алатын болған, сөйтіп омыртқасы жа қалпына келе бастаған. Бір жылдан кейін жағдайы тұрақты деп танылды.

Бұл оқиғаны смартфонды ұзақ уақыт қолданудың адам ағзасына, әсіресе омыртқаға тигізер зияны туралы нақты ескерту деп қабылдауға болады. Дәрігерлер жастарға дене қалпын дұрыс ұстауға, телефонды ұзақ қолданудан аулақ болуға, үнемі қозғалыста болуға кеңес береді.

Фото: dailymail.co.uk

Байланысты жаналықтар

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды

08.05.2025

Зарина Диас Жапониядағы турнирде ширек финалға шықты

08.05.2025

Жапониядағы ең жылдам пойызды жылан тоқтатты

02.05.2025

111 жастағы әйел ұзақ өмір сүруінің құпиясын айтты

13.04.2025

Бұрынғы Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жапониядан табылды

28.03.2025
MalimBlocks
Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды

Зарина Диас Жапониядағы турнирде ширек финалға шықты

Ширек финалда қазақстандық теннисші Аустралия өкілімен кездеседі

Жапониядағы ең жылдам пойызды жылан тоқтатты

111 жастағы әйел ұзақ өмір сүруінің құпиясын айтты

Жапонияда ұзақ қмір сүрген әйел құпиясын бөлісті

Бұрынғы Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жапониядан табылды