Зеленский БҰҰ бас хатшысымен не талқылады?

Украина президенті «Болашақ пактісін» қабылдауға үлес қосқан елдерге алғыс білдірді

Мадина Қайнарова

  • 24.09.2024

Украина президенті Владимир Зеленский БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш шақырған екі күндік «Болашақ саммитіне» қатысты.

Зеленскийдің айтуынша, Ресей осы саммиттің өтуіне  қарсылық білдірген. Сол үшін ол «Болашақ пактісін» қабылдауға үлес қосқан елдерге алғыс білдірді.

Украина президенті Киевтің соғысты тоқтатуға үлкен күш салып жатқанын айтып, бейбітшілік формуласына, халықаралық бейбітшілік саммитіне және биыл өтуі мүмкін екінші бейбітшілік саммитіне дайындық туралы сөз қозғады.

Бұған дейін БҰҰ Бас ассамблеясы жаһандық міндеттерді шешуге әлем елдерінің күш-жігерін біріктіру жоспарын мақұлдады. Онда климат өзгергені, жасанды интеллект, қақтығыстар күшейіп, теңсіздік пен кедейлік өсіп жатқаны туралы айтылған.

«Болашақ пактісі» 22 қыркүйекте екі күндік «Болашақ саммиті» ашылған кезде қабылданды. Сондай-ақ жаһандық цифрлық шарт және болашақ ұрпақ туралы декларация мақұлданды. Бұл шарт цифрлық технологияларды қолдануға қатысты, ал декларация келешек ұрпақты қолдан жасалған апаттардан құтқару үшін қолдан келгенді істеуге шақырады.

Владимир Зеленский сапар аясында әлем елдері басшыларымен, соның ішінде Германия канцлері Олаф Шольцпен кездеспек. Ақ үйде АҚШ президенті Джо Байденмен кездесу өткізеді. Сонымен қатар АҚШ президенттігіне үміткерлер  – Камала Харриспен және Дональд Трамппен де жүздесуді жоспарлап отыр.

Фото: Reuters

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек