Зеленский Эстония премьер-министрімен кездесті
Фото: ВВС
Украина Президенті Владимир Зеленский дүйсенбі күні Эстонияның жаңа премьер-министрі Кристен Михалмен кездесті. Бұл оның Киевке алғашқы сапары, деп хабарлайды ВВС.
«Бүгін біз соғыс алаңында да, дипломатиялық бағытта да, әділ және тұрақты бейбітшілікті тек Украина үшін ғана емес, бүкіл Еуропа үшін қамтамасыз ету үшін Украина позицияларын нығайту жолдарын талқыладық. Эстонияның біздің болашақта Еуропалық Одақ пен Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіруімізге қатысты айқын ұстанымын бағалаймыз және осы қолдаудың жалғасатынына сенеміз», – деп жазды Украина Президентінің Telegram-арнасында кездесудің қорытындысы бойынша.
Кездесудің нақты мазмұны мен қандайда бір келісім туралы ақпарат берілмеді.
Кристен Михалмен кездеспес бұрын, Зеленский Германияның канцлерлікке үміткер тұлғасы Фридрих Мерцом кездескен.
Кристен Михал Эстонияның Реформа партиясының төрағасы және премьер-министрі болып тағайындалды, себебі бұрынғы премьер-министр Кая Каллас Еуропалық Одақтың сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі лауазымына сайланған болатын