Зеленский Қырымды Ресейге беруге дайын - Трамп

Сұлу Бөлек

  • 28.04.2025

Америкалық лидер Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресей аннексиялаған Қырымнан бас тартуға дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

"27 сәуірде АҚШ президенті Трамп, Ватиканда Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескеннен кейін, Украина президентінің Қырымды Ресейге беру мүмкіндігі туралы айтты. Бұл Украина басшысының пікірлеріне тікелей қарама-қайшы келіп отыр", - деп хабарлайды AFP агенттігі.

Зеленскийдің Қырымды "беруге" дайын деп санайтыны жайлы сұраққа Трамп "иә" деп жауап берді. Күні кеше Трамп Ватиканда Украина президентімен кездесті.

Ватиканнан қайтып келе жатып, Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің Украинада "оқ атуын тоқтатып", бейбіт келісімге қол қоюын қалағанын айтты.

Америкалық лидер журналистермен Морристаун әуежайында кездесіп, Air Force One ұшағына Вашингтонға ұшып бара жатып пікір бөлісті.

Айта кетейік, Трамп бұған дейін Зеленский екеуінің арасындағы болған жағдайды "ұсақ даудың" бірі деп атады.

"Мен оның айтқандарына келіспедім, ал камералар түсіріп тұрды.  Жаңа кездесу шамамен 15 минутқа созылды", — деді Трамп.

Кездесу алдында Трамп Украинаға қатысты жаңа сын айтты. АҚШ президенті Зеленскийдің Қырымды Ресейдің аннексияланған аумағы деп танудан бас тартуын теріс бағалады — бұдан бұрын Трамптың командасы дайындаған бейбіт келісімде бұл мәселе қаралған болатын.

Фото: Mark Schiefelbein/AP Photo/picture alliance

Байланысты жаналықтар

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

14.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025
MalimBlocks
Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Ыстанбұлға келмейтін болды

Зеленский Анкараға жетті

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

Стамбұлдағы келіссөзге Ресейден кім баратыны әлі белгісіз

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді