457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Зерттеу: Украинадағы соғыс салдарынан 1,4 млн адам қаза тауып, жарақат алды

2022 жылғы 24 ақпанда басталған Ресейдің Украинаға қарсы толыққанды соғысында шамамен 1 миллион ресейлік әскери қаза тапты немесе жараланды. Бұл туралы АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы (CSIS) жасаған талдауға сілтеме жасап The New York Times газеті хабарлады.

Сарапшылардың дерегінше, Украинаның әскери шығыны – қаза тапқандар мен жараланғандарды қосқанда – 400 мың адам. Осылайша, қақтығысушы тараптардың жалпы адам шығыны 1,4 миллион адамға жетіп отыр.

Алайда зерттеуде бұл мәліметтердің дәл болмауы мүмкін екені ескертіледі. Себебі Мәскеу өз шығынын әдетте төмендетіп көрсетеді, ал Киев ресми дерек жарияламайды. CSIS сарапшылары негізінен АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтерінің бағалауына сүйенген.

Ресей тарапынан қаза тапқандардың саны шамамен 250 мың адам деп бағаланып отыр.

Сарапшылар: «Кеңес Одағы немесе Ресей қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бірде-бір соғыс адам шығыны жағынан Украинадағы соғыспен салыстыруға келмейді», – деп жазады.

CSIS деректеріне сай, Украина тарапынан 60 мыңнан 100 мыңға дейін әскери қаза тапқан.

Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес Одағының 8,7 миллион әскери қызметшісі қаза тапқан болатын.

Фото: Emre Caylak/AFP

Биыл 60 бала терезеден құлаған - статистика
Аналитика
|
21.05.2025 17:16
2025-05-21 17:16:00

Ең көп оқылған