Алматыда құтқарушылар аяғынан жарақат алған әйелді таудан эвакуациялады, деп хабарлайды Malim.kz.
«Проходное» шатқалында 1975 ж. т. әйел таулы жерде төмен түсіп келе жатып, аяғынан жарақат алды. Зардап шеккен азаматша өздігінен қозғала алмай қалған.
Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді. «БАУ» жедел-құтқару жасағының мамандары әйелге алғашқы көмек көрсетіп, оны «Космостанция» аумағына дейін жеткізді. Сол жерде зардап шеккен азаматша ТЖМ АМО жедел медициналық көмек бригадасына табыстады. Кейін ол №12 ОҚКА жеткізілді.
Фото: ТЖМ