freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда университет студенті 8-қабаттан құлап, қаза болды

Оқиға
Алматыда университет студенті 8-қабаттан құлап, қаза болды
Фото: Envato

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті студенті оқу ғимаратының сегізінші қабатынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазір аталған оқу орны студентінің өліміне қатысты тергеу жүргізілуде.

Жас жігіт 6 мамыр күні таңертең жаратылыстану және география факультеті ғимаратының терезесінен құлаған. Алған жарақаттарының салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.

Кейін бұл қайғылы жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Пікірлерде оқиға сессия кезінде болғаны жазылған. Белгілі болғандай, студент бірінші курста «Философия» бағдарламасы бойынша грантта білім алған.

Полиция өлім фактісін растады. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу