freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 20 жастағы жігіт қаза тапты

Оқиға
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан 20 жастағы жігіт қаза тапты
Zakon.kz

Бүгін таңертең Құлжа тасжолы бойында жол апаты болып, жеңіл көліктің жүргізушісі көз жұмды. Бұл туралы Sn.kz сайтына сілтеме жасап  Malim.kz хабарлайды. 

Апат Рыскұлов даңғылы мен Бұқтырма көшесі аралығында, жанармай бекетінің қасында болды. Қақтығысқа Mercedes-Benz Actros жүк көлігі мен Mazda 626 жеңіл көлігі ұшыраған.

Жүк көлігі жүргізушісінің айтуынша, ол солтүстік бағытта Құлжа тасжолы бойымен қозғалып келе жатқан. Бір сәтте қарсы бағыттағы жолдан жоғары жылдамдықпен келе жатқан Mazda көлігінің өзіне тікелей шыққанын көрген.

Actros жүргізушісінің айтуынша, ол қақтығысқа жол бермеуге тырысқан, алайда Mazda көлігінің жүргізушісі жылдамдықты азайтпай, траекториясын өзгертпеген. Соның салдарынан бетпе-бет соқтығыс орын алған.

Жеңіл көліктің жүргізушісі көлікте қысылып қалған. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенде оның қайтыс болғанын тіркеді. Төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері зардап шеккеннің денесін көліктен шығарды.

Жол-көлік апаты орнында полиция барлық жағдайды анықтап жатыр. Қаза болған жүргізуші – 2006 жылғы туған жас жігіт. Апаттан кейін Құлжа тасжолында екі бағытта да көлік кептелісі пайда болды.

Бұған дейін елімізде электромобильдер үшін кедендік төлемдер алынатынын жариялаған едік.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу