freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Куәгерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қоғам
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Куәгерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: видеодан скрин

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкелген жол апатына байланысты іс бойынша куәгерлер мен полиция қызметкерінің әрекеттеріне қатысты бөлек қылмыстық іс қаралады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаза тапқан қыздардың бірінің отбасының мүддесін қорғаған адвокат Мейірман Шекеевтің айтуынша, айыпталушымен бірге болған куәгерлерге Қылмыстық кодекстің 420-бабының 1-бөлігі бойынша көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық іс қозғалған. Тергеудің бастапқы кезеңінде олар жүргізушінің алкоголь ішпегенін айтқан. Алайда кейіннен оның спирттік ішімдік тұтынғаны анықталған.

Сондай-ақ тергеу барысында қосымша банктік шоттар да анықталғаны хабарланды.

Бұдан бөлек, оқиға кезінде сол жерде болған полиция қызметкеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 370-бабының 3-бөлігі бойынша («әрекетсіздік таныту») қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер бұл материалдарды жеке өндіріске бөліп шығарған.

Алматы қаласының прокуратурасы жол апатына қатысты іс аясында жалған жауап беру фактісі бойынша бөлек тергеу басталғанын растады.

Қайғылы оқиға қалай болды?

Қайғылы жол апаты 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылында болған.

Тергеу мәліметінше, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Mercedes жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу