Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматылықтар туған күнінде референдумда дауыс берді

Қоғам
Алматылықтар туған күнінде референдумда дауыс берді

Алматыда таңертеңнен бастап сайлау учаскелерінің біріне бірден төрт туған күн иесі келді. Барлығы елімізде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша дауыс беруді ұйғарған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. 

Біздің учаскеде 2 123 сайлаушы тіркелген, мұнда таңнан бері белсенділік байқалады. Төрт туған күн иесі дауыс берді, деді І.Жансүгіров атындағы №130 гимназияда орналасқан №165 учаскелік комиссияның төрағасы Әлия Қасқырбаева.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін бүкіл ел бойынша АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.

Алматыда барлығы 624 сайлау учаскесі жұмыс істейді, олар 20.00-ге дейін ашық. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу