Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алтынай Жорабаева ата-анасының алтын тойын дүркіретіп өткізді

Шоу-бизнес
Алтынай Жорабаева ата-анасының алтын тойын дүркіретіп өткізді

Танымал әнші Алтынай Жорабаева пен туған інісі Талғат Жорабаев ата-анасының алтын тойын жасап берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Той басында қос әнші ата-анасын мейрамхана төріне алып шықты. Одан кейін әкесі, іні-бауырлары мен әулеттің күйеу балалары әншінің анасына гүл шоқтарын тарту етті.

Өнер иелері ата-анасына Chery Tiggo 7 Pro автокөлік және анасына италиялық шуба сыйлады. 

«Алтын таққа лайықты асыл жандар,
Ұл-қызына ақыл боп шашылғандар.
Жетіпті Алтын тойдай асыл тойға,
Шаңыраққа ақ таң боп ашылғандар.
Бұйырыпты сіздерге осы бақыт,
Өміріңіз баға жетпес асыл ақық.
Тағы да 50 жылда бірге жүріп,
Болыңыздар отбасына алтын, жақұт», - деп жазды әнші.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу