457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бір жылда Қазақстанда пәтер бағасы қалай өсті?

Наурызда Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсуі баяулады. Егер былтырғы қыркүйектен бастап пәтерлер айына шамамен 1% қымбаттаса, биыл наурызда бұл көрсеткіш небары 0,4% болды

Наурызда Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсуі баяулады. Егер былтырғы қыркүйектен бастап пәтерлер айына шамамен 1% қымбаттаса, биыл наурызда бұл көрсеткіш небары 0,4% болды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

БІР АЙДАҒЫ ӨЗГЕРІС

Krisha.kz сарапшылары елімізде баспана бағасының ең жоғары өсімі Тараз бен Қостанайда +2,2%, сондай-ақ, Ақтөбеде +2,1% тіркелгенін атап өтті. Ал кейбір ірі қалаларда баға керісінше төмендеген. Мәселен, пәтерлер Шымкентте – 2,7%, Алматыда – 0,6%, Атырауда – 0,4% арзандаған.

БІР ЖЫЛДАҒЫ ӨЗГЕРІС

Қазақстан бойынша бір жылда тұрғын үй бағасы орта есеппен 6%-ға өскен. Баға төмендеген жалғыз қала — Қарағанды (1,4 %). Қалған аймақтарда өсу байқалды. Айтарлықтай қымбаттау Ақтауда болды, онда жылжымайтын мүлік құны 17,8%-ға шырқағап кеткен. Астана, Орал, Петропавл және Қостанайда баға 9,4–11,3% аралығында өсті.

Алматыда тұрғын үй 4,2%-ға, Шымкентте 6,2%-ға қымбаттады.

Еске салайық, қаңтарға қарай Қазақстанда қайталама тұрғын үйдің орташа құны бір шаршы метр үшін 516 203 теңгеге жетті.

Фото: pixabay.com