Cоғыстан қайтқан сормаңдай тағдырлар
Жеңіс–деген сөздің артында қасіретке малтыққан, қайғыға тұншыққан ғұмырлар тұрғанын білсек қой…
Жеңіс–деген сөзің артында күл-талқан болған тағдырлар мен қанаты қиылған армандар, ешқашан тұтанбайтын үміттер тұрғанын ойлансақ қой…
Жеңіс–деген сөздің артында көкірегі шерден арылмаған, жанары жастан кеппеген жандар тұрғанын ұғынсақ қой…
Соғыс сойқан. Ол ешкімді аямайды. Ешкімге мейірімділік танытпайды, өйткені, оның жүрегі жоқ. Ол–көлкіген көз жасың мен жалындаған жастығыңа қарамайды, оның көзі жоқ. Ол–жалынған сөзіңмен, аңыраған даусыңды естімейді, оның құлағы керең.
Соғыс–тірілер санын азайтып, өлілер санын көбейтеді. Қуанышты азайтып, қайғыны көбейтеді. Отбасыны ойрандайды, жетім мен жесірлерді көбейтеді.
Соғыс –тәнді жаннан айырады, әкені баладан, баланы анадан айырады. Аруды–жарынан, ерді–жерінен айырады.
Соғыста жеңіс пен жеңіліс сөзі ғана бар. Бірақ, айырма жоқ. Өйткені жеңу үшін кісі өлтіру де үлкен қасірет. Жеңген жақ қайғысыз болады деп кім айтты? Мына деректерге қараңызшы, жаныңыз түршігіп, денеңіз тітіркенеді.
Екінші дүниежүзілік соғыста 46 миллион адам жарақат алыпты, яғни мүгедек болып оралған.
775 адам бас сүйегі жарақаттанған;
155 адам – көз жарақатын алған;
54 адам – соқыр болып қалған ;
501 342 адамның бет-әлпеті жарақаттанған ;
157 565 адам – мойынан жарақаттанған;
444 046 адамның – іші;
143 271 адамның – омыртқасы;
630 259 адамның- жамбасы;
28,648 адамның – жыныс мүшелері;
3 миллион 147 мың адам – бір қолмен оралған;
1 миллион 101 мың – адамның құлағы мүлде естімей, керең болып қайтқан;
3 миллион 255 мың адам – бір аяқпен;
1 миллион 121 мың адам – екі аяғынан бірдей айырылған;
418 905 мың адам – бір қолы мен бір аяғы немесе қол- аяқтары жартылай жарақат алған;
84,942 мың адам- мүлде аяқ-қолсыз қалған;
Осы адамдардың 90 пайызы 20-30 арасындағы жастар еді. Ал, бұларға деген ол кездегі биліктің көзқарасы құрметтен көрі, жекөрінішке толы болғандай. Соғыс бойы штаптан шықпаған басшылар, маршалдар мұндай мүгедектерді көргісі келмегенін және өзге жұртқа көрсеткісі келмегенін тарихшылар айтып жүр.
1949 жылы Сталинның 70 жас мерейтойының қарсаңында мүгедектердің біразын атып, біразын Сібірге лагерлар салып, сонда апарып тастады. Мүгедектерді Валлам аралына қоныстандыру 1984-ші жылға дейін жалғасты. Жалғыз себеп, олардың тәндеріне соғыс салған суреттер еді. Жеңіс деп желпінген Совет одағының басшылары соғыстың шынайы бейнесін өздері көргісі келмеді, өзгелердің де көңілін түсіреді деп тәмсілдеді. Ал, өксіген өмірлер мен талқандалған тағдырлардың жеңіске қосқан үлесі ешкімнің басын ауыртқан жоқ.
Айпақшы, «Ұлы Жеңістің» әкесі Сталиннің өзі көзі тірісінде бұл мерекені атап өтпеген. Өйткені, соғысты көріп келген замандастарының сұрауынан қорықты. Солардың ызғарлы да, айбынды жүзінен қорықты. Өйткені соғыс кезіндегі Сталиннің қылмысы көп еді. Ал Совет одағында 9 мамыр–Жеңіс күні 1965 жылдан бері ғана (1945-1947 жыл аралығын есептемегенде) Л.Брежневтің заманынан кең көлемді, демалыс күні ретінде атап өтіліп келеді. Бұл кезде соғыстың ортасынан аман келген ардагерлер саны азайған еді. Екіншіден, Л.Брежнев даурықпа салтанатты шаралар мен марапатты жақсы көретін. Ол бұл күнді пропагандаға айналдырып, жеке басын ұлықтатуға, советтік идеологиямен аш халықты алдауға пайдаланды.
Айбек Ережеп.
Суретші Геннадий Добровтың "Соғыс автографтары" картинкалары мен мүгедектердің тарихын сілтемеге өтіп оқи аласыз
https://www.spletnik.ru/blogs/govoryat_chto/142803_khudozhnik-gennadiy-dobrov-i-ego-avtografy-voyny