Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагеріне көлік сыйлады

Сабина Асқарқызы

  • 09.05.2025

Шымкентте ардагерлерге «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальдары табысталды. Сонымен қатар демеушілер есебінен жаңа көліктер сыйға берілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қалада ардагерлерден тек Нина Мосунова мен Мұраталы Төлепбергенұлы қалған.

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков ардагерлерді атаулы күнмен құттықтап, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальдарын табыстады, мемлекет басшысы мен ҚР Қорғаныс министрінің атынан құттықтау хаттарын оқыды. Майдангерлердің құрметіне аулаларда жеке шерулер ұйымдастырылды. Ардагерлерге демеушілер тарапынан жаңа көліктердің кілттері табысталды.

Нина Мосунова 1924 жылы 9 наурызда Ресей Федерациясының Татарстан өңіріндегі Урустамак ауылында дүниеге келген.1942 жылы өз еркімен әскер қатарына алынып, Қазан қаласында телеграфист мамандығын меңгеріп, кейін Горький қаласында осы салада жұмыс істеген.

1943 жылы майдан шебіне аттанып, Можайск маңындағы шайқасқа пулеметші ретінде қатысқан. 36-шы әскери бөлімнің «Зенит» бригадасында қызмет атқарып, радистер бөлімінің командирі болған. Соғыстан кейін Башкириядағы Октябрьск қаласында кассир болып еңбек еткен.

1948 жылы Қазақстанға қоныс аударып, Шымкент қаласында кітапханашы болып жұмыс істеген. Ал 1967 жылы «КазЮгвзрывпром» мекемесінде хатшы-машинист қызметін атқарды. Жауынгерлік ерлігі үшін «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.

Бүгінде ардагер бір баланың анасы, екі немере мен бес шөберенің ардақты әжесі.

Мұраталы Төлепбергенұлы 1925 жылы Жаскешу ауылында дүниеге келген.

Жас сарбаз 1943 жылы небәрі 18 жасында қолына қару алған. Соғыс жолы Брест қамалынан басталып, Варшава, Данск, Виссмарк, Биттенберг және Перлеберг секілді қалаларды азат ету шайқастарымен жалғасады. Жауынгер Жеңісті Германияның Биттенберг қаласында қарсы алады. Елге тек 1950 жылы оралды.

Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде трактор бригадасын басқарды, есепші болды, фермада басшылық қызмет атқарды. Екі ұл мен алты қыз тәрбиелеп өсірген абыз қария бүгінде 21 немере мен 3 шөберенің атасы.

Ол ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, сондай-ақ «Ерлігі үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» сынды бірнеше медальмен марапатталды.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Байланысты жаналықтар

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

09.05.2025

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2025

Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

08.05.2025

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

08.05.2025

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

08.05.2025
MalimBlocks
Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Марғұлан Сейсембай ауруханада жатқан Руслан Берденовпен кездесті

Ол Берденовті «адал, тәртіпті, нағыз отаншыл азамат» деп атап өтті

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концертті тамашалады

Жеңіс саябағында билеген оқушы қыздар жазаланды

Абай облысының әкімі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады