Көбі Қытайдан келген: Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға шетелден келген жұмысшылар статистикасын ұсынды

Сұлу Бөлек

  • 27.03.2025

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға шетелден келген жұмысшылар статистикасын ұсынды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. 

Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 584 шетел азаматы еңбек етеді. 

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:

- басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 569 рұқсат (бірінші санат),

- құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 514 рұқсат (екінші санат). Тартылған шетел жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 711 және 1 010 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 217 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 563 адам тартылды.

"Қазір Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 744 жұмыс беруші бар. Оларда 377,6 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,5% - ы", - делінген хабарламада. 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер:

  • құрылыс саласында – 5 052 адам,

  • ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 296 адам,

  • өңдеу өнеркәсібі – 1 281 адам,

  • тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 263 адам,

  • әкімшілік және көмекші қызметтер – 975 адам.

"Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 4 945 адам, Үндістан – 1 169 адам, Түркия – 1 165 адам, Өзбекстан – 1 056 адам", - делінген хабарламада. 

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. 2025 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,2%, 14,8 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

14.05.2025

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

12.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанда неке қию көрсеткіші де күрт төмендеді

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

Қазақстандағы орташа жалақы 423 мың теңгеге жетті

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп