457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстан әлемдік сөз еркіндігі рейтингінде 141-орынға жайғасты

Қазақстан бұл рейтингте 141-орынға тұрақтап, 100 балдың ішінде 39,34 балл жинаған

Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" (RSF) ұйымы жыл сайын БАҚ еркіндігі индексін жариялады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап. 

Қазақстан бұл рейтингте 141-орынға тұрақтап, 100 балдың ішінде 39,34 балл жинаған. 

"Бүкіл әлемде сөз еркіндігі тарихи тұрғыдан алғанда ең төменгі деңгейде", – делінген 2 мамырда жарияланған баяндамада. Рейтинг бес көрсеткіш бойынша жасалған: саяси ахуал, құқықтық база, БАҚ-тың экономикалық жағдайы, әлеуметтік-мәдени контекст және қауіпсіздік.

Қазақстанмен қатарлас тұрған елдер: Қырғызстан – 144-орын, Өзбекстан – 148-орын, Тәжікстан – 153-орын.

RSF мәліметінше, зерттелген 180 елдің 160-ында БАҚ-тың тұрақты жұмыс істеуі қиын немесе мүлдем мүмкін емес. Елдердің үштен бірінде редакциялар экономикалық себептермен жабылған, оған дейін биліктің қысымы байқалған. 

"Тәуелсіз журналистика – автократтар үшін көзге шыққан сүйел. Егер БАҚ қаржылық тұрғыдан әлсіресе, жалған ақпаратты, үгіт-насихатты кім әшкерелейді? Сондықтан біз журналистердің қауіпсіздігін қорғаумен қатар, журналистиканың экономикалық іргетасын нығайтуды да жақтаймыз", – деді RSF атқарушы директоры Аня Остерхаус.

Посткеңестік елдер ішінде ең төмен нәтиже Түрікменстанда – 174-орын (19,14 балл). Ресей – 171-орында (24,57 балл), одан жоғары Беларусь (166) пен Әзербайжан (167).

Төменгі орындарды Ауғанстан, Иран, Сирия, Қытай, Солтүстік Корея мен Эритрея иеленді.

Грузия бірден 11 позицияға төмендеп, 114-орынға түсті. Бұл көрсеткіш парламент сайлауынан кейінгі халықаралық сын мен ел ішіндегі наразылықтарға байланысты.

Украина – 62-орында. RSF дерегінше, украин БАҚ-тарының шамамен 90%-ы шетелдік, әсіресе АҚШ-тың қаржылай көмегіне тәуелді.

Армения мен Молдова сәйкесінше 34 және 35-орындарға ие болды. Армения – посткеңестік кеңістіктегі ең көп ілгері басқан ел, бірден 9 орынға көтерілген.

БАҚ еркіндігі ең жоғары елдер үштігіне Норвегия, Эстония және Швеция кірді. Литва мен Латвия сәйкесінше 14 және 15-орындарда.

Германия 2025 жылғы рейтингте бір саты төмен түсіп, 11-орынды иеленді. Елдегі журналистер әсіреоңшыл партияларды немесе Таяу Шығыстағы қақтығыстарды жария еткені үшін қауіп-қатер мен қысымға тап болған. RSF билікті медиа саласындағы экономикалық жағдайды жақсарту үшін реформа жасауға шақырды.

Фото: qazyr.kz