Украинаға уәде етілген F-16 ұшақтарының алғашқы легі жеткізілді

Шілде айының соңғы күнінде Украинаға Ресей шабуылынан қорғану үшін АҚШ-тан уәде етілген 79 F-16 истрибелдерінің алғашқы он данасы жеткізілді. Биыл Украина тура осындай тағы 20 ұшаққа қол жеткізбек. Ал олардың қалған бөлігі 2025 жылы елдің қорғаныс саласына беріледі деп күтіліп отыр.

  • 05.08.2024

Басылым бұл оқиғаны "Байденнің шешім қабылдауға аса ниетті емес әкімшілігі ақыры еуропалық одақтастарына оларды жіберуге жасыл дәліз ашқаннан кейін бір жыл өткен соң" жүзеге асқанын атап өтті. 2024 жылдың соңына қарай Украина АҚШ-та жасалған 20 бірдей истребительге алады деп күтіліп отыр. Дания мен Нидерланд бастаған коалиция уәде еткен қалған F-16 ұшақтары алдағы жылы берілмек.

Еуропадағы америкалық әскери күштердің бұрынғы қолбасшысы Бен Ходжестің айтуынша, Украинаға ұшақтарды жеткізуге ұзақ уақыт кеткен. Бұл кешіктірудің басты себептерінің бірі - украиналық ұшқыштар үшін оқу орындарының жетіспеушілігі болған.

Бұдан бөлек, ұшқыштардың ағылшын тілін білмеуі және Кеңес дәуіріндегі Миг-29 және Су-27 ұшақтарымен салыстырғанда аталған техниканы басқарудың аса күрделілігі әсер етті деп жазады The Economist. Тағы бір маңызды фактор - F-16-ларды қабылдау үшін инфрақұрылымды құруға кететін уақыт себеп болды.

Ресей Украинаға жеткізілген ұшақтарды жоюға тырысады

«Ресейдің әскери агрессиясынан қорғануға арналған ұшақтар олардың Қарулы Күштері үшін басты проблемаға айналады» деді Германия Қорғаныс министрлігінің бұрынғы штаб бастығы Нико Ланге.

Сондықтан F-16-лар аса құпия жер асты немесе нығайтылған базаларда ретінде орналастырылды.

The Economist-тің жазуынша, Украинада заманға сай жауынгерлердің баяу және кезең-кезеңімен жинақталуына байланысты F-16 соғыстың одан әрі дамуына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Оларды Украинаның Әуе қорғанысы жүйелеріне біріктіру және пайдалану тәжірибесін алу үшін әлі де уақыт қажет.

"F-16-ның Украинаға жеткізілуі НАТО стандарттары бойынша әуе күштері дамуының басталуын білдіреді. Бұл Украинаны жақсы дамыған F-16 жеткізу тізбегіне қосады. Сонымен қатар кешіктіру жағдайларына және әлі де жеткіліксіздігіне қарамастан "F-16 маңыздылығын бағаламауға болмайды", - деп жазды басылым.

Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының таяуда жариялаған есебінде жергілікті әуе күштерінің үстемдігін арттыру және жердегі қарсы шабуылды қолдау үшін Украинаға әрқайсысы 18 жауынгерден тұратын 12 эскадрилья немесе одан да көп мөлшерде қажет екендігі айтылған.

Зеленский әскери техникаға қатысты мақтанышпен пікір білдірді

"F-16 Украинада. Біз бұған қол жеткіздік", - деп жазды Украина президенті Владимир Зеленский Telegram арнасында. Ол "осы ұшақтарды сапалы игеріп, мемлекет үшін қолдана бастаған мамандарға", өз командасына және барлық серіктестеріне осы нәтиже үшін алғыс айтып, Дания, Нидерланд және АҚШ-ты ерекше атап өтті.

АҚШ F-16-ны зымырандармен жабдықтауға рұқсат берді

30 шілдеде The Wall Street Journal газеті АҚШ Украинаға жіберілген F-16 әскери ұшақтарын AIM-120C-8 AMRAAM және AIM-9X

әуе зымырандарымен, сондай-ақ, AGM-88 HARM радиолокацияға қарсы әуе-жер зымырандарымен және басқа да "заманауи қарулармен" жабдықтауға келісті. Бұрын УҚК үшін жауынгерлік жабдықтау мәселесі шешілмеген болатын.

Украиналық ұшқыштардың алғашқы тобы мамыр айының соңында Аризонадағы АҚШ әскери базасында F-16-ға ұшу бойынша оқу курсын аяқтады. Шілде айында Нидерланд пен Дания үкіметті АҚШ-тың қолдауымен Киевке ұшақтарды беру процесін бастады. Бұған дейін АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен F-16 "Осы жазда Украинаның аспанында ұшады" деп мәлімдеген болатын.

Фото: dw.com

Материал "Неміс толқыны" басылымынан аударылды

Байланысты жаналықтар

АҚШ БҰҰ-ның Газада атысты тоқтату туралы қарарына вето қойды

21.11.2024

Ресей мен Украинаның соғысып жатқанына 1000 күн. Текетірес тоқтай ма? 

19.11.2024

Пентагон құжаттарын жариялады деп айыпталған Джек Тейшейра сотталды

13.11.2024

Илон Маск АҚШ Үкіметінің жұмысына араласады

08.11.2024

Дональд Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды

07.11.2024

Пентагон басшысы Мәскеудің Пхеньянмен ынтымақтастығының қауіптілігі туралы ескертті

31.10.2024
MalimBlocks
АҚШ БҰҰ-ның Газада атысты тоқтату туралы қарарына вето қойды

Қарарға АҚШ-ты қоспағанда Кеңестің қалған 14 мүшесі дауыс берді

Ресей мен Украинаның соғысып жатқанына 1000 күн. Текетірес тоқтай ма? 

Қазір ресейліктер 66 мың 932 шаршы шақырым жерді бақылауда ұстап отыр

Пентагон құжаттарын жариялады деп айыпталған Джек Тейшейра сотталды

2022 жылдың соңында құпия файлдарды жүктей бастаған

Илон Маск АҚШ Үкіметінің жұмысына араласады

"Бюрократияны шектеп, құрылыс салуға мүмкіндік беруіміз керек" деді ол.

Дональд Трамптың инаугурациясы қашан өтетіні белгілі болды

Дауыстарды есептеу мен сайлаудың қорытындысын растау 6 қаңтарда өтеді

Пентагон басшысы Мәскеудің Пхеньянмен ынтымақтастығының қауіптілігі туралы ескертті

Бұл 2,5 жылға созылған қақтығысты ары қарай ұзартып, оған басқа да тараптарды тартуы мүмкін