Еуропаны жайлаған аптап ыстық туристерді ерекше орын іздеуге мәжбүрледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Босния мен Герцеговинадағы ЮНЕСКО тізіміне енген Вьетреница («Жел үңгірі») соңғы күндері ел ең көп баратын орындардың біріне айналды. Үңгірдің ішінде жыл бойы ауа температурасы 8-10°C шамасында сақталады. Сондықтан сырттағы 40 градусқа жуық ыстықтан қашқан адамдар осында келіп паналауда. Ақпарат құралдарында бұл жер «Еуропаның табиғи кондиционері» деп аталып кеткен.