Астана – Ерейментау – Шідерті тасжолында жеті көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Жол-көлік оқиғасы Павлодар бағыты бойынша автожолдың 94–95 шақырымында тіркелді.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әртүрлі дене жарақаттарымен екі адам медициналық мекемеге жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр
.