Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақмола облысында жол апатынан полицей қаза болды

Қоғам
Ақмола облысында жол апатынан полицей қаза болды
Фото: Ақмола облысы ПД

7 желтоқсан күні Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару барысында патрульдік полиция инспекторы, аға лейтенант Асанәлі Әскербеков жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

"Қайғылы оқиға Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерді қауіп туралы, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы туралы ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен", - деді ПД.

Департамент бұл факті бойынша жан-жақты және объективті тергеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу